Балқашта білім бөлімі ғимаратын жөндеуге 15 млн. теңге бөлінді

Қаладағы білім бөлімі орналасқан ғимаратқа жөндеу жұмыстары жасалуда. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 15 млн теңге бөлінген. Күн жылынғалы бері білім, ТКШ және кәсіпкерлік бөлімінің мамандары құрылысшылармен бірге бірігіп жұмыс істеуде. Жаз соңына дейін мұндағы бірінші және екінші қабат жаңа кейіпке енеді. Одан кейін құылысшылар мекеменің сыртын жөндеуге кіріспек. Былтыр ескірген тоқ сымдары жаңадан тартылса, биыл 40- тан астам терезе ауыстырылған.

Айдос Куанышбаев – білім бөлімі жетекшісінің орынбасары
«Былтыр сымдарды ауыстыру, шатырды жөндеу секілді сыртқы жұмыстарға қаржы бөлінген болатын. Ал биыл ішін жөндеп жатыр. Құрылысшыларға 15 тамызға дейін уақыт берілген.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture