Руы – Төлеңгіт-Құсшы, Құсайынов Мырзахан Серікұлы аяулы жар, асқар таудай әкеміз ортамызда жүргенде 54 жасқа толар еді… Сағына еске аламыз.
Көзде жас, көңілде мұң білер ме едің,
Шаттықтың көгі сенсіз түнергенін.
Амал нешік, ажал тісін көрсетпесе,
Біз бүгін туған күнін тойлар едік.
Туған күнің жиырма сегізі мамырдың,
Көз алдымызда тірі кезің, әр күнің.
Жанарыңды мөлдіреген сағынып,
Жылай-жылай іздеп сені күрсіндік.
Сағындық күлімдеп тұрған жанарыңды,
Сүйкімді, құлпырып тұрған ақжарқын қабағыңды.
Өмірдің қызығын көрмей кеттің әкешім-ай,
Сөніп қалған аспандағы жұлдызым-ай.
Мәңгілік нұрлы бейнең ұмытылмас,
Ұрпағың бар артыңда ізіңді жалғар.
Тірлікте жете алмаған сан арманға,
Сол арманды жалғайтын үш құлының бар.
Ардақты Әке, кеттің бізден алыстап,
Бұл ажалдан кім құтылған қалыс қап.
Бір Алладан медет қылып тілейміз,
Ешқашанда ұмытпаймыз, дұға оқып, аруағыңа бағыштап.
Қызығын немеренің көрмедіңіз,
Жанында еркелетіп жүрмедіңіз.
Әлі де біздерменен бірге болып,
Тағы да біраз өмір сүрмедіңіз.
Жалған дүние, жарытпаған қызығын,
Неге үздің әкешімнің ғұмырын.
Думандатып отырушы-ең маңайды,
Бос қалды ғой төрдегі орның, Әкетай!
Батамыз бағышталған қабыл болсын,
Мекеніңе Алланың нұры толсын.
Аруағың біздерді жебей жүрсін,
Ұрпағыңа артыңдағы бақыт қонсын!
Жатқан жерің жәннаттың төрі болсын,
Жан Әке, топырағың торқа болсын!
Иманың мәңгілікке жолдас болып,
Аруағың ұрпағыңды қолдап жүрсін!
Сағына еске алушылар: жұбайы – Жамиля, балалары: Олжас-Алтынай, Рамазан-Асем, Диана, немерелері: Адия, Мадихан, Құсаиновтар әулеті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login