Балқаш қаласының денсаулық сақтау саласы маусым айынан бастап 18 жас медиктермен толығады. Қазір жаңадан келетін дәрігерлерге арналған пәтерлерге жөндеу жұмыстары жасалуда. Ол үшін бюджеттен 60 млн жуық қаржы бөлінген.
Мұхамеджанов мөлтек ауданындағы бұл үйдің соңғы подъезі қаншама жыл қаңырап бос тұрған еді. Ал, 2015 жылы оны жөндеп, жас медиктерге беру туралы маслихат шешімі шығады. Содан бері сметалық құжат дайындалып, мемлекеттік сараптама жүргізілген. Осындай ресми жұмыстар аяқталғаннан кейін құрылыс басталды.
Міне осындай күйде болған пәтерлер қазір жаңа кейіпке ене бастаған. Есік-терезесін салып, қабырғаларды тегістеген құрылысшылар енді еден төсеп, кафель жапсыруда. 2 мен 5 қабатта орналасқан 13 баспананың құрылысын аяқтау маусым айының соңына жоспарланған. Ал, 1 қабаттағы 5 пәтер тамыз айында дайын болмақ.
Мұрат Мамынов-құрылыс прорабы
«Қабырғалардың бәрі сынған ғой. Кірпіштердің бәрі үгітіліп кеткен. Соның бәрін орнына келтіріп, штукатур жұмыстарын жасап жатырмыз. Ең қиыны мусор жинау болды. Только подвалдың өзінен 60 т мусор шығардық».
Жаздан бастап күзге дейін 18 жас медик келеді деп күтілуде. Олар хирург, неонотолог, педиатр, терпевт секілді балқашта тапшы мамандық иелері. Қолдарына енді дипломын алған дәрігерлер мұнда келісім-шарт бойынша жұмыс істейді. Оның мерзімі 3жылдан 5 жылға дейін.
Серікбол Түсіпбеков-№1 емхана директоры
«Жас мамандар әр жақтан келеді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен. Қарағанды, Семей, Астана, Алматыдан келеді. 10 жыл оқыған жоқ дегенде. Дипломдарымен жұмыс істеуге келеді. 1 емханаға, ауруханаға, 2 емханаға орналасады».
Алайда, жас мамандар қызметке тартылғанымен, медициналық кадр тапшылығы Балқашта өзекті проблема болып қала бермек. Себебі өткен жылы 24 дәрігер түрлі себеппен басқа қалаға ауысқан. Ал, мәселені жою үшін мамандардың айтуынша қосымша тағы 15 медицина қызметкері керек.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login