«Болашақ» халықаралық стипедиясына құжаттарды қабылдау мерзімі бекітілді

«Болашақ» халықаралық стипедиясына құжаттарды қабылдау мерзімі бекітілді. Үміткерлер өтініштерін 29 мамырдан бастап өткізе алады. Ал шәкіртақыны тағайындау байқауы ағымдағы жылдың 5 маусымынан бастап 20 желтоқсанға дейінгі кезеңде өтеді. Оған қоса, мамырдың соңында «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбегі жарияланады. Ондағы мамандық тізімі бакалаврмен сәйкес келуі тиіс.Сонымен қатар, халықаралық бағдарламалар орталығы сайтынан жас түлектер жоғарғы оқу орындарын таңдауға мүмкіндіктері бар.Ал Болашақ бағдарламасына құжаттар жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығында қабылданады.

Айгерім Байбатырова – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кеңесшісі
«Болашақ бағдарламасына құжаттарды өткізу үшін Астанаға келудің қажеті жоқ. Әрбір үміткер құжаттардың негізін алып, Халыққа қызмет орталығына барып өткізулеріне болады. Және 2 күннен кейін оның нәтижесін біле аласыздар. Тек содан кейін ғана бізге келесіздер».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture