Зейнеткерлер мен мүгедектерді және түзету мекемесінен босап шыққандарды әлеуметтік жұмыс орындарына алады. Жалақысы 20 мың теңге. Ол үшін екі қолға бір күрек іздегендер жұмыспен қамту орталығына жүгінулері керек. Қазіргі таңда онда 50- ге жуық бос жұмыс орны бар. Мысалы, құрылыс фирмаларына дәнекерлеуші, тас қалаушы және сылақшы-сырлаушылар қажет. Жалпы саны 10 адамға орын бар. Тағы 10 адамды әр түрлі жұмыс атқарушы ретінде зауытқа қабылдайды. Алайда, жұмыс берушілердің де өз талабы бар. Олар үшін диплом мен еңбек тәжірибесінің болуы маңызды. Ал, жақында жұмыспен қамту орталығыда аула сыпырушылар мен күзетшілерге арналған бос жұмыс орындары пайда болмақ.
Гүлсім Калпебаева – жұмыспен қамту орталығының маманы
«Бізде әртүрлі жұмыскерлерге және дәнекерлеушілерге тас қалаушыларға жұмыс орындары бар. Әртүрлі. Бітірген маман бойынша қарастырылады.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login