Ақтоғай ауданы, Шабанбай би ауылының тумасы, бірімізге бауыр, бірімізге аға, балаларына мейірімді әке болған руы Қожа, Жұмабайұлы Есентайдың бұл фәни өмірден бақиға аттанғанына 40 күннің жүзі болды.
Қырық күндік асы 28 мамыр күні 2017 жылы сағат 12.00-ден бастап «НҰРСАЯ» дәмханасында беріледі. Асқа туған – туыс, көршілерді, құда – жекжат, дос – жарандар, балаларының жұмыс орындарына, көз көрген жамағатты шақырамыз және ауызашар кешкі сағат 21.00- де беріледі.
40 күн болды сен өмірден өткелі,
Көзімнен жас, көңілден мұң кетпейді.
Келмесіңе көзім жетіп тұрса да,
Биязы үнің құлағыма жетпейді.
Қалдық артта, топырағыңды сипалап,
Дұға оқып, атыңды айтып қайталап.
Асқар таудай, арқа сүйер арысым,
Бұл күнде орның тұр ғой ойсырап.
Асқар таудай, жан әке,
Отбасының болдың тірегі.
Құда, туыс, жолдасқа,
Баладай ақ еді жүрегің.
40 күн бопты арамыздан кеткелі,
Дауысың сенің құлағымыздан кетпеді.
Сағындық біз қимай адал бауырды,
Өксік алды қырық күн бойы өкпені.
Жан әке жатқан жерің жарық болсын,
Қабіріңе Алланың нұры жаусын.
Уайымсыз жер бесікте дамылда,
Тілей жат балалардың амандығын.
Ас берушілер: аға — жеңгесі: Бейсентай — Уақыт, жұбайы — Зәбираш, апа — жезделері, бауырлары, балалары, немерелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login