Жұмыссыз азаматтар 18 млн дейін несие алып, өз ісін бастай алады. Қалалық жұмыспен қамту орталығы кәсіп ашам деушілерден өтініштер қабылдауды бастады. Ал, шағын несие 7 жылға 6 пайызбен беріледі. Оған жұмыссыздар мен бірге өз ісін одан әрі дамытуға ынталы кәсіпкерлер де қол жеткізе алады. Биыл Балқаш қаласына бұл мақсатқа 65 млн теңге бөлінген. Басты жаңалық, осы жылдан бастап кәсібін жаңа бастағандар үшін, қаражаттың 85% -на мемлекет өзі кепіл болады. Яғни банктен несие алуға кепілзат жоқ дейтін проблеманы осылай шешу көзделген. Ал, қаражат екінші деңгейлі банк арқылы беріледі.
Назгүл Оқубаева-Жұмыспен қамту орталығының маманы
«Микрокредиттің сомасы өтке жылы 3млн болса, бүгінгі күні өзгерістерге сәйкес 18 млн ға дейін беріледі.Несие алу үшін міндетті түрде кепілге мүлік ұсыну керек. Мүлікке жер, үй, пәтер ұсынуға болады.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login