Зауыт жұмыскерлері ақ қан ауруына шалдыққан Эдуард Штро мен Әнуар Жасұлановқа қаржылай көмек көрсетті. Сирек дертпен сырқат балаларға Қазақмыс Смэлтингтің қызметкерлері 1 млн.астам қаражат жинап берді.
Зауыт қызметкерлерінің жомарттылығына ие болған жанның бірі- Әнуар Жасұланов. Үйдің үлкені 5 жаста.Әнуарға осыдан екі жыл бұрын ақ қан ауруына шалдыққан туралы диагноз қойылған. Міне, содан бастап бүлдіршін үш ай сайын Астанаға барып ем-дом қабылдап , күндіз-түні маска киіп жүреді.Далаға көп шықпайды. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі күні баланың денсаулығы бір қалыпты. Дегенмен де, егер бұрынғыдай бір ай бойы қызуы көтеріліп, ауыратын болса-онда ота жасалады.
Назым Сәтенова- Ә.Жасұлановтың анасы
«Осы апрель айында проверкаға барып келдік. Анализіне байланысты бір қалыпты деп айтты. Бәрі жақсы. Қазір арнайы теропия алып жатырмыз.2501 Операция негізі қайталанып ауырып қалса операция сома жиналады онда».
Қалада Әнуар Жасұлановтан өзге дәл осындай лейкемия дертімен Эдуард Штро есімді бала да сырқат.Сондықтан оларға кішігірім көмек көрсету мақсатында қайырымдылық концерт ұйымдастырылды. Қазақмыс Смэлтинг кәсіпорын жұмыскерлері 1млн.астам қаржы жинап, екеуіне тең бөліп берді. Ал мәдени кеште өнерпаздар бір жарым сағат бойы әннен шашу шашты.
Ләззат Смағұлова- «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС Балқаш аймақтық баспасөз қызметінің жетекшісі
«Бала ол болашақ дейді. Кішкентай 5 жасар, 6 жасар балалар ауырғанда , олардың көз жасын көрген кезде қарап тұра алмайсың. Әркім әрқалай көмек беріп жатыр.Болашақта екі балапанымыз өйткені екі баланың әкелері мен шешелері комбинаттың әр саласында талай жылдан бері қызмет істеді».Дәулет Ежибаев- «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС қызметкері
«Біз енді адам баласы болғаннан кейін бұл екі баланың жаман ауруға шалдыққаны өте қатты қобалжытады. Біз сол балаларға арнап көмек ретінде концерт беріп жатырмыз, әрине қаржылай көмек ретінде.Қазақмыс Смэлтингтің атынан. Кішкентай болса да, көмек берсек дейміз».Қасқабай Махабаев- «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС қызметкері
«Қазақта сөз бар ғой жұмыла көтерген жүк жеңіл болады деп жалғыз ата-ананың мойнында ғана емес, бүкіл қауымның шаруасы.Сол қазақ болғаннан кейін көмектесу керекпіз.Үлкен өндіріс ошағы».
Сонымен қатар, игі шарадан қаланың кәсіпкерлері де қалыс қалмады. Бизнес өкілдері балаларға армандаған ойыншықтарын,киім-кешектерді тарту етті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login