Балқаштың 30 көшесіне тротуар салынады. 2026 жылға дейін қала көшелерінің барлығына брусчатка төселіп, тротуар салынады. Жауапты мамандар алдағы 9 жылға жоспар құрды. Мысалы, келесі жылы Мир, Молдағұлова, Амангелді көшелерінің бойында жаяу жүргіншілерге арналған арнайы жол пайда болады. Жалпы 2026 жылға дейін 30 көшеге 106 366 шаршы метр брусчатка төселмек. Оған қалалық бюджеттен әр жыл сайын қаржы бөлініп отырады. Биыл тротуар салу жұмыстары қаладағы 5 көшеде жүргізілуде. Ол үшін жергілікті қазынадан 120 млн теңге бөлінді.
Әнуар Самиев-ТКШ бөлімі жетекшісі
«Тротуар салу жұмыстары 2026 жылға дейін үздіксіз жүргізіледі. Біз жоспар құрып, көшелердің тізімін бекіттік».
Толық тізімді сілтеме арқылы өтіп, көре аласыздар https://orken-media.kz/plan-prognoz-po-programme-obustrojstvo-i-remont-peshehodnyh-trotuarov-goroda-balhash-na-2017-2026-gody/
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login