Балқашта жаңа саябақтың құрылыс жұмыстары басталды

Қалалық мәдениет сарайының артында құрылыс жұмыстары басталды. Қыркүйек айына дейін онда жаңа саябақ пайда болады.Спорттық алаңдар салынып, фонтандар іске қосылмақ.

Арнайы техника мұндағы жасыл-желектің көзін жоюға кіріскен. Алайда, алаңдауға еш негіз жоқ. Себебі тамырымен қопарылып жатқан ағаштардың барлығы дерлік жартылай қурап қалған, не болмаса баяғыда-ақ өсімін тоқтатқан. Ал, талдардың орнына бұл жерде спорттық алаң пайда болады.

Берік Алипов-құрылыс фирмасының директоры
«Біз тек қураған, өспей қалған ағаштарды ғана жойып жатырмыз. Олардың орнына жаңасын егеміз. Ал, жаңадан отырғызылған талдар сол күйінде қалады.»

Саябақта бәрі қарастырылған. Тіпті көлік тұрағына дейін. Құрылысшылар жерді тегістеп, брюсшатка төсегеннен кейін сәкілер орнатып, маңына түрлі гүлдер отырғызбақ. Салауатты өмір салтын сүйетіндерге арнап, спорттық тренажерлар әкелу де көзделген. Мұнда бір емес 3 фонтан пайда болады. Оның екеуі қайтадан қалпына келтірілсе, біреуі жаңадан салынады.

Александр Масалов – учаске шебері
«Жұмыс өте көп. Қазір жерді тегістеп алғаннан кейін брюсшатка төсеу жұмыстарына кірісеміз. Жаңадан салынатын субұрқақ қаладағы ең үлкен фонтан болады. Тұрғындарға ұнайды деген ойдамыз.»

Бұл жоба екі жылға жоспарланған. Биыл құрылысшылар Ленин көшесінен Сейфуллин көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Ал, келесі жылы Желтоқсан көшесіне дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Алғашқы кезеңге қалалық бюджеттен 350млн теңге қарастырылған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture