Балқаш жаңалықтары 22 мамыр 2017

Тілсіз жаудың кесірінен кәсіпкер кәсібінен айырылды. Демалыс күні Бөкейханов көшесінде, №7 үйде орналасқан азық-түлік дүкені жанып кетті.

Заңсыз жолмен нәпақа таппақ болған 12 балықшы ұсталды. Олардың әрқайсысына 22 700 теңгеден айыппұл салынды.

Балқашта куәгерлер далала болған құйынды камераға түсіріп, оны ғаламторға салған. Қазір бұл табиғи көріністі тамашалаушылардың саны артып келеді.

Құқықтық санатты арттыру мақсатында қалада «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтті.

Байыту фабрикасының жұмысшылары өздері бастама көтеріп көл жағалауын тазартты. Мысшылар мен байытушылар бірінші су калонкасынан бастап Рембазаға дейінгі аралықты тазалау үшін 2-3 сағат уақыт жұмсады.

27 мамыр күні барша мұсылман қауым үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл айда барша ислам жамағаты ораза ұстап, садақа беріп, күнәләрінің кешіліруін тілеуі керек.

Ең үздік такси жүргізушісі». Мұндай атаққа кімнің лайықты екендігін жолаушылардың өздері анықтайды.Ол үшін бар болғаны orken-media.кз сайтына кіріп, дауыс беру қажет.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture