Балқашта Бөкейханов көшесіндегі №7 үйде орналасқан азық-түлік дүкені жанып кетті.Оқиға түнгі 11-лер шамасында дүкен жабылғаннан кейін орын алған. Тілсіз жауды өтіп бара жатқан тұрғындар байқап қалып, өрт сөндірушілерге хабар береді. Өрт салдарынан мекеменің 6 шаршы метр аумағы жанып кетті. Ал, өрттің шығуына 3 бірдей тоңазытқыштың бір ұзартқыш электр тоғына жалғануы себеп болған.


Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login