Қарағандылық полицейлер балқаштық жүргізушілерге жөн көрсетті

Құқықтық санатты арттыру мақсатында қалада «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтті.Арнайы автобуспен келген қарағандылық полицейлер жүргізушілердің сұрақтарына жауап беріп, кеңестерін айтты.

Қарағанды облысының ІІД-нің мамандарының айтуынша биыл өңірде жол көлік оқиғалары жиілеп кетті дейді. 2017 жылы тоғыз жолдың торабында орналасқан Алматы-Екатеринбург тас жолында 19 адам көз жұмып, 26 жолаушы ауыр жарақат алды. Ал өткен жылы 5 адам қайтыс болғантұғын. Сондықтан, полиция қызметкерлері автокөлік иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Олжас Арынов – Қарағанды обл. ІІД жергілікті полиция қызметінің басшы орынбасары
«Алматы-Екатеринбург республикалық тас жол болғандықтан көліктер көп жүреді. Және онда биыл жол көлік оқиғаларының жиілеп кеткендігі байқалады.Олардың арасында жарақат алғандар мен көз жұмғандарда бар. Сондықтан оны алдын-алу үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілуде».

Айта кетейік, жол қауіпсіздігін сақтауға шақырған шараға полицейлермен қатар, оқушыларда белсене ат салысты. Жас жол инспекторлары көл жағалауында ұрандарын айтып, флешмоб ұйымдастырды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture