Балқаш вокзалында оқу-жаттығу өтті

Балқаш теміржол вокзалында қауіпті тырысқақ дертін жұқтырған жолаушы анықталды. Мамандар нақты диагоноз қою үшін оны бірден инфекциялық аурухана алып кетті. Сценарий бойынша қаланың арнайы қызмет орындары өз дайындықтарын пысықтады.

Семей-Балқаш поезын ақ халаттылар күтіп алды. Ал, перрон аймағы тәртіп сақшыларының бақылауында. Сценарий бойынша, жолаушылардың бірі тырысқақ ауруын жұқтырған деген болжам бар. Оны дереу басқалардан оқшаулау керек.

Хабар алысымен дереу жолға шыққан медиктер науқасты температурасын, қан қысымын өлшеп, сұрақтың астына алуда. Алайда, нақты диагноз қою үшін бұл жеткіліксіз. Сондықтанда, жолаушының инфекциялық ауруханаға жеткізілді.

Эльмира Оразбекова –Көліктегі қоғам денсаулығы басқармасының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі жетекшісі « Біздің Қазақстанда оның ішінде Қарағанды облысында мұндай аурулар кездескен емес. Бірақта,алдын ала оқу жаттығу шараларын өткізіп жатырмыз.

Ауруханада науқас оқшауланған арнайы бөлмеге жатқызылды. Оның қасына тақауға тек 3 адамға ғана рұқсат етілген. Олар, дәрігер, медбике және санитар. Оның өзінде тек арнайы киіммен ғана жақындауға болады.

Сауле Капенова – Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімі жетекшісі
«Мұндай жағдайда біз арнайы котсюмдерді киеміз. Ондай киім адамды басынын бастап, аяғына дейін қорғайды. Сондай-ақ, осында қолданылған құрылғылардың барлығына дезинфекция жасалады.

Мамандар науқастан анализ алып, оны зертханаға жіберді. Нақты диагноз 5 күннен кейін дайын болады. Егер, тырысқақ ауруы анықталса, жолаушы арнайы емдеу курсынан өтеді. Бүгін мамандар осылайша төтенше жағдайларға қаншалықты дайын екендіктерін пысықтады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture