Кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын мобильдік қосымша іске қосылды

Кәсіпкерлерді қорғаудың тағы бір қамы «Қамқор»атты мобильдік қосымша. Оны әрбір іскер азамат ұялы телефондары мен гаджеттеріне тегін жүктеп алып, заңсыз тексерістің алдын ала алады. Яғни, бұдан былай тексеруші органдар хабарламасыз бизнес өкілдеріне баса-көктеп кіре алмайды. Ол үшін ең бірінші кәсіпкер «Қамқор» мобильдік қосымшасын ғаламтордан жүктеп алып, жеке парақшасын ашу керек. Және содан кейін тексеріс жүргізілетін болса, кәсіп иесіне 1-2 күн бұрын смс хабарлама жолданады. Хатта кім, қашан, қандай сұрақтармен келетін туралы жазылады. Осылайша, заңсыз, негізсіз тексерістердің жолдары кесілетін болады.Ал өз кезегінде кәсіпкерлерді тексеретін мекеме қызметкерлері құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласында заңдылықты қадағалау жөніндегі прокуратураға барып, тіркелу қажет. Және содан кейін оларға тексеріс актісі беріліп, онда 14 сандық нөмір жазылады. Осы арқылы тексерушілер мобильдік қосымшаға тіркеледі.

Гүлзира Жүнүсова- Балқаш қ. бойынша Құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласында заңдылықты қадағалау жөніндегі прокурор
«Қамқор мобилді қосымша арқылы кәсіпкерлер тексеру барысында орын алған құқық бұзушылық туралы онлайн-шағым түсіре алады.Келіп арыз жазып жүрудің қажеті жоқ.Және тексеріс туралы немесе өздерін толғандырған сұрақтар бойынша да тез жауап алуға мүмкіндіктері бар».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture