Балқашта мектеп бітіру кешінің орны өзгереді

Балқашта террорлық қауіпке байланысты былтыр өткізілмеген, мектеп бітіру кеші биыл барша сән-салтанатпен аталып өтеді. Тіпті түлектер көптен күткен шараның өтетін орны да өзгерді. Осы жылы оқу бітіретін жігіттер мен қыздарға арналған мереке көл жағалауында ұйымдастырылады. Биылғы жылы бұдан да бөлек өзгерістер көп. Мысалы, алдымен 11 — ші сынып оқушылары эмтихан тапсырады. Аталмыш сынақ 29 мамырдан басталмақ. Ал, 12 маусым күні мектеп бітіру кешін тойлап, қолдарына аттестат алады. Содан кейін барып қана ҰБТ сұрақтарына жауап береді. Яғни бұдан былай тестілеудің нәтижесі астестаттағы бағаға әсер етпейді.

Жанар Сағатбекова- білім бөлімінің бас маманы
«12 маусым күні 11 — сынып оқушыларына арналған Үміт жолы 2017 мерекесі өтеді. Желтоқсан көшесінде ұйымдастырылады. Офицальный бөлімі мектепте өтеді. Салтанатты түрде атестат беруде мектепте өтеді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture