Балқашта жасырын түрде иттер төбелесін ұйымдастыруда. Видео

Ғаламторда Балқашта болған  иттер төбелесінің видеосы пайда болды. Оны көрген жұртшылық бұл нағыз жауыздық деп, ұйымдастырушылардың бұл ісін сынға алуда.

Мына кадрлардан иттер төбелесінің дөңгелек жөндеу шеберханасының ішінде өткенін көруге болады. Ақтөс пен Темір атты екі иттің арасындағы талас 5 минутқа созылған. Соңында екеуін қожайындары ажыратып алады. Иттердің қандай жарақат алғаны белгісіз, бірақ әбден қалжырағандары байқалады.
Қазақстанда иттер төбелесін өткізуге ресми түрде рұқсат жоқ. Десе де, оны ұйымдастыруға тыйым салынбаған. Сол себепті, еліміздің кей өңірлерінде иттер төбелесі нағыз спортқа айналған. Тіпті чемпионаттарда өткізіліп тұрады.Алайда, егер прокуратура өкілдері заң аясында төбеттерге қатыгездік танытты деп айып тақса, оларға 100 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін екен. Сондай-ақ, ит таласы табыс көзіне айналғаны анықталса бес жылға дейін жаза кесілуі де ғажап емес. Қалалық ветеринар дәрігерлер болса, төбелестен жарақат алған иттер болған жоқ деп отыр. Айтуларынша, мұндай жағдай соңғы рет осыдан 2-3 жыл бұрын тіркелген.

Людмила Болобова – ветеринар дәрігер
«Бізге қатты жарақат алған иттер түскен жоқ. Бірақ, осыдан 2-3 жыл бұрын көзі, құлағы, аяғы тістелген бір итті емдеген болатынбыз. Негізі, мұндай иттер қоғамға өте қауіпті. Олар өте қатігез болып келеді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture