Балқаштық өрт сөндірушілер өзара сайысқа түсті

Балқаштың өрт сөндіруші қызметкерлері арасында сайыс ұйымдастырылды. Мамандар түрлі ұзындықтар бойынша жүгіру жолағын жылдамдықта бағындырып, өртке су себетін түтік құбырды қосып тілсіз жауды ауыздықтау арқылы жұмыстарын пысықтады.

Мамандар кәсіби шеберліктерін ең бірінші жүгіруден бастады. Алайда, жай ғана емес. Ереже бойынша әр командадан екі қатысушы 100 метрлік қашықтықты бөгеттер арқылы жылдам бағындыруы тиіс.Оған қоса, су себетін түтік құбырды көлікке тез жалғау керек.

Қатысушылар арасындағы рекордттық көрсеткішке ие маман Валерий Заикин. Қырандай қырағы, жауапкершілігі жоғары істің мәнін аға құтқарушы 9 жылдан бері меңгеріп келеді. Оның жеке басының ең жақсы көрсеткіші 18 секунд.

Валерий Заикин – №45 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің аға өрт сөндіру-құтқарушысы
«Мен бұл кезеңдегі жарысқа бұрыннан қатысып келемін. Құлаған, шалынған кездерім болды. Әр кезде қорқыныш болады. Қазір 21 секундпен бірінші орындамын. Бірақ, жеке рекордым 18 секунд».

Қызметкерлер денелерін шынықтырғаннан кейін, негізгі тапсырмаға кірісті. Онда бір топтағы 6 адам бір мезетте екінші және үшінші қабатқа сатымен шапшаң шығып, барлығы бірдей қызыл жалынды ауыздықтау керек болды. Мұнда ,егер қате кетсе 5 секунд айыппұл уақыты қосылады.

Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы«Дәстүрге айналған жарысқа 4 қарауылдың әрбір бөлімшесінен бір-бір командадан қатысып жатыр. Олар бұл жарысқа жыл сайын, нормативке сай дайындалады. Ал жыл сайынғы үздіктер 45 пен 59 өрт сөндіру бөлімшелері».

Осылайша жарыс жеңімпаздары 4 кезең бойынша анықталды. 10 командаға бөлінген қатысушылардың ұпайлары жеке-жеке саналды. Балқаш пен Қоңыраттың құтқарушлырының арасында №45 өрт сөндіру бөлімі үздік атанды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture