Елбасының бастамасы бойынша қолға алынған мерейлі отбасы байқауы биыл төртінші жыл ұйымдастырылуда. Сайыс шарты бойынша, алдымен аудан-қалаларда іріктеу кезеңі өтеді. Оған Балқаштан 3 отбасы қатыспақ. Солардың бірі Минкеновтер отбасы. Отау құрғандарына бар болғаны 2 жыл болса да, айрандай ұйып отырған жас жанұя.
Үйдің отағасы 25 жастағы Сұлтан Минкенов. Осыдан 5 жыл бұрын 53\898 әскери бөліміне қызметке тұрған. Қазір байланыс торабы бөлімшесінің басшысы. Жаңа лауазымға тағайындалғанына 1 жыл болған. Жаста болса, өз қоластындағы 20 дан астам адамды басқарып отыр.
Сұлтан Минкенов-53\898 байланыс торабының бөлімше басшысы
» Алматы қаласында Қаракемір ауылында әскери борышымды өтедім. 1 жыл өткеннен кейін әскери қызметке кіремін деп өзіме мақсат қойдым. Әскерден келгенннен кейін 53\898 бөліміне жұмысқа алындым. Қазіргі жастарға отандық патриотизмды оятқым келеді .»
Жары Кәмшат үшін жұмыстағы отағасын дастархан жайып күтіп алу үйреншікті іс. Сұлтан екеуі осыдан 2 жыл бұрын отау құрған. Қазір 1 жастағы Інжудің ата-анасы. 18 жасында келін атанған Кәмшаттың басты қағидасы отбасы мүшелерінің көңілін тауып, ибалы келін болу.
Кәмшат Менкенова-С. Менкеновтың жары
« Алла қаласа, үлкен отбасы болғанды қалаймыз. Інжудің сіңілісі немесе інісі болғанын, бір-біріне демеу болып, сондай жақсы бір қарым-қатынаста болса дейміз».
Ал, Сұлтанның анасы Галина Смағұлова медбике болып қызмет етеді. 3 баланы жеткізіп өсірген. Сұлтан ортаншы ұлы. Айтуынша, бала кезінде әскери адам болып, отанға қызмет етуді армандаған. Міне, уақыт өте келе, ана арманын ұлы жүзеге асырды.
Галина Смағұлова-С. Менкеновтың анасы
«Жас кезімнен әскери киім кисем деп армандайтынмын. Сол арманға Сұлтан жеткізіп жатыр. Әскери формада жүр. Өзіне өте жарасады».
Биыл қалалық мерейлі отбасына 3 отбасы қатысуға өтініш білдірген. Жеңімпаздарды арнайы құрылған комиссия мүшелері анықтайтын болады. Егер, Минкеновтер отбасы бұл сайыста жеңіске жетсе, онда облыстық байқауда бақтарын сынайды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login