Алдағы үш күнде ауа райы өзгеріп, күн суытады.Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында арктиканың суық фронттарының әсерінен күн -жаңбырлы,найзағайлы, екпінді желді болады. Оңтүстікте тіпті бұршақ жауады деп күтілуде. Ал Балқашта сынап бағанасы ертең төмендейді. Жұма күні ауа температурасы -3,-5 градус болып, күндіз-кешке жаңбыр жауады деп болжануда. Және осындай құбылмалы ауа райы 1 мамырға дейін сақталып, күн тағыда суытады. Тек мамыр айының 4-нен бастап қана ауа райы шуақты болып, күн сәулесі қыза түседі. Термометр күн сайын 2-3градустан жоғарлайды.
Анастасия Грязнова – инженер- синоптик:
«Ауа райы солтүстістік батысқа қарай ауысып, күн суытады. 1 мамыр күні жаңбыр жауады деп күтілуде. Бірақ, мамырдың 2 бастап ауа райы өзгереді.Шуақты күндер келеді.Сол уақыттан бастап сынап бағанасы күндіз 20-22 градусқа дейін көтеріледі».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login