Балқашта 2017 жылы жылу қымбаттай ма? «Су жылу Транс» директорымен сұхбат

2016-2017 жылғы жылу маусымын қалай аяқатғалы отырсыздар?

— Биылғы жылу маусымын өте тыңғылықты аяқтадық деп айтуға болады. Ешқандай ақаулар шыққан жоқ. Қоңырат кенті бойынша екі қызандық жұмыс істеп тұды. Үшіншісіне жөндеу жұмыстары жүргізлді. 

Саяқ кентінде жылу жүйесіне байланысты біраз қиындықтар туды дейді. Сол рас па?

 — Саяқ кентінде 6 модульный қазандықтар бар. Оның ішінде 22 кішігірім қазандықтармен биылғы жылу маусымын аяқтап шықтық. Ешқандай қиындықтар туған жоқ. Халық тарапынан арыз шағымдар болған жоқ. 

Келесі жылғы жылу маусымына қандай дайындықтар жүргізіледі?

— Біріншіден, жылу құбырларына үлкен қысыммен сынақ жұмыстарын жүргіземіз. Сол арқылы қай жерде ақау бар екенін анықтай аламыз. Биыл бюджеттен 2017 жылға 178 млн теңге қаржы қарастырылып отыр. Оның 134 миллионы 10 км жылу құбырын ауыстыруға жұмсалатын болады.

Жұмыстарыңызда  күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселелер бар ма?

— Біздегі ең үлкен қиындық Балқаш қаласына жылу беріп отырған Балқаш Жылу электр станциясының қарызын өтеq алмай келеміз. Берешек қарызымыз 860 миллионға жетіп отыр. Бұл берешектің туындағаны, тарифтің өте төмендігі. Екіншіден, 2013-2016 жылдары қарызы көп, өзін-өзі ақтамайтын Қоңырат мөлтек ауданындағы ескі қазандық пен Саяқ кентін қосып бергендіктен ауыртпалық түсіп отыр. Саяқ кентінің өзінің жылдық шығыны 250 миллионға жетеді. Қала тұрғындары мен мекемелерден де қарыздарын уақытылы төлеулерін сұраймыз.

Тариф  қымбаттамай ма?

— Тариф Қоңырат мөлтек ауданы мен Балқаш қаласында сол қалпы қалады. Ал Саяқ кентінде 1Гкл 1270 теңге. Бұл өте төмен. Сондықтан да Саяқ кентінің тарифін қымбаттату жоспарда бар. Осы сұрақ бойынша «Су Жылу Транс» құжаттамалар дайындау үстінде. 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture