Балқаштық дәрігерлердің біліктіліктері сыналуда

Балқаш қаласы асқынған миокард инфаркт және инсульт ауруынан көз жұматын науқастар саны бойынша облыста бірінші орында. Ал, бұл көрсеткішті төмендету үшін дәрігерлердің біліктілігін арттыру керек. Міне осы мақсатпен қаламызға Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің профессоры келді. Гаухар Игимбаева дүйсенбіден бастап дәрігерлер мен фельдшерлерді және медбикелерді инсульт алған адамға дер кезінде көмек көрсетуді үйретуде. Оқыту 5 күнге жоспарланған. Аяқталғаннан кейін балқаштық ақ халаттылар тест тапсырады. Сыннан сүрінбей өткендер сертификатқа ие болады. Алайда, ол үшін сұрақтың 75 пайызына дұрыс жауап беру керек. Ал, өте алмағандар Қарағандыға барып қайта тест тапсырады.

Гайхар Игимбаева-Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің профессоры
«Әр медициналық қызметкер қан айналым жүйесі ауруына шалдыққан науқасқа ауруханаға жеткенге дейін көмек көрсете алуы тиіс. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмек адамның өмірін аман алып қалады. Мұнда оқуға қатысушылар теория жүзінде білгендерін практика жүзінде де меңгереді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture