Қарағанды облысында террорист деген күдікпен 6 адам іздестірілуде. Бұл туралы ктк телеарнасы хабарлады. Тергеушілердің айтуынша, олар белсенді түрде уағыз жүргізіп, көпшілікті жат ағымға кіруге көндірген. Сондай ақ, бүтін бір қылмыстық топ құрып үлгерген деген болжам бар. Күдіктілер біраз уақыт Теміртау қаласында тұрақтаған болуы керек.
Бүгінге дейін 6 күдіктінің нақты мекен-жайы белгісіз. Тек 23 жастағы Дмитрий Коструб пен жасы 24-гі Дәулетхан Әміржанов экстреммистік қылмыстық топтың басшысы болуы мүмкін. Іздсестірушілердің жас шамасы 23-тен 33-ке дейінгі аралықта. Әзірге күдіктілер туралы өзге ақпарат жоқ.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login