Қорытынды жаңалықтар 7 сәуір 2017

Гараждан темір –терсек ұрламақ болған 9 сыныптың 4 оқушысы ұсталды. Тағы екеуі іздестеріліп жатыр. Оқиға тапа-тал түсте Ардагерлер кварталындағы гараждар массивінде орын алды.

Заңсыз сауда! Жолдың беткі қабатынан кесіліп алынып жатқан асфальт жеке меншік мекемелердің қолына өтуде.

Қала бойынша 4 автобустың маршруты өзгереді. Өйткені Мир көшесі жол жөндеу жұмыстарына байланысты 2 күнге жабылады.

Балқашта ауыз суды хлорлау жұмыстары жүргізіледі. Тіршілік көзін тазалау процесі 11- 13 сәуірге дейін созылады. Мұндай шара санитарлық эпидемиологиялық ереже бойынша жылына бір рет көктем айында жүргізілуі тиіс.

Балқаш су тасқынына дайындалып жатыр. Бүгін комуналшылар қалаға кіре беріс аймаққа құмнан үйінділер жасады.

Қалада туберкулез дертіне шалдыққан науқастар саны азайды. Былтырғы жылдың бірінші маусымында 16 тұрғыннан құрт ауруы анықталса, биыл тек 6 адам жұқпалы залалды жұқтырған.

43 жылдық тарихы бар қалалық оқушылар сарайында алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары басталды. 1974 жылы тұрғызылған мәдени ошақтың шатыры мен еден, қабырғалары әбден тозған.

Халықаралық көрмеге қолжетімді билет. ЭКСПО -2017 көремесін тамашалаймын деген жеке санаттағы азаматтарға жеңілдік жасалатын болды.

Қылмыстың алдын алу! Тіркелмеген қаруларды сатып алу акциясы басталды. Тәртіп сақшылары заңсыз сақталып жатқан қару-жарақты өз еркімен өткізгендерге 10 сәуірден бастап ақшалай қаражат төлейді. Оның көлемі әр түрлі.

Балқашта төрт түлік малды жаппай егу басталды. Бұл шара сібір жарасы, қарасан, құтырма секілді аурулардың алдын-алу үшін жасалуда.

Ерекше дос. Балқаштық тұрғын үйінде тропикалық аймақта мекендейтін усыз ірі жыланды асырайды. Шұбар кесірткі әлемдегі ең ұзын және дене бітімі жағынан анаконданың жалғыз қарсыласы болып табылады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture