Көлдегі қайғылы оқиға. Мерекелік демалыс күндері көлікке мінген 4 балықшы жарылған мұз астына түсіп кетті. Оның үшеуі дін аман. Ал, біреуі іздестірілуде.
Қарағанды-Балқаш тас жолында көлік апатынан 5 адам қаза тапты. 21 наурыз күні тайота темір тұлпары Спасск кентінен 20 шақырым асқанда аяқ астынан алдынан шыға келген Мерседеске соғылған.
Балқаш халқы Наурыз мерекесін биыл ерекше атап өтті. Күн мен түннің теңелу мерекесі Балқашта көш керуенмен басталды. Мерекеде 1000 балқаштық бір уақытта қара жорға биін орындады.
Наурыз мерекесінде жылдағыдай киіз үйлер сайысы өтті. Арнайы құрылған әділ қазылар алқасы әр баспанаға бас сұғып ондағы жабдықтармен бірге ас мәзірін сынады.
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамында қазақтың ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Балуандар қазақша күресте ептіліктерін сынаса, білек күшіне сенген мықтылар кір тасын көтерді. Ең қызықтысы үш сайыс болды. Бәрі бас жүлдеге тігілген қошқарды жеңіп алуға тырысты.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login