Балқашта компьютерлік томография пайда болды

Балқаш қаласының орталық емханасында жаңа компьютерлік томография бөлмесі ашылды. Енді қала тұрғындары алысқа бармай-ақ бас сүйек, кеуде және құрсақ қуыстарын осы жерден тексерістен өткізе алады.
Компьютерлік томография аппараты Қарағанды қаласынан әкелінген. Заманауи үлгіде жасалған құрылғы 30-40 минуттың ішінде науқастың бас сүйек, кеуде және құрсақ қуыстарын жылдам тексерістен өткізуге мүмкіндік береді. Ол үшін 120 келі салмақты көтеретін үстелге жатып, аппараттың ішіне кірсе болғаны.
Ал аппараттың ішіне кірген соң, науқастың ішкі- құрылысын маман вертуалды түрде ақ-қара-сұр түспен компьютерден көріп отырады. Және кейін жиналған барлық ақпараттар қарағандылық дәрігерлерге жіберіліп , қорытынды шығарылады. Мұндай компьютерлік томография күніне 20 науқасты тексерістен өткізуге қауқарлы.

Асқар Махмұтов – Орталық емхана директоры
«Жаңа құрылғы арқылы онкологиялық, бронх-өкпелік және жалпы хирургиялық ауруларды диагностикадан өткізуге болады.Емханада жатқан науқастарға бұл тексеріс тегін. Ал амбулаториялық адамдар квота арқылы өте алады».

Қала жетекшілерінің қатысуымен ашылған кабинет өз жұмысын ресми түрде бастады. Ешбір жолдамасыз өз еркімен денсаулығын тексерткісі келетіндер кем дегенде 15 мың теңге төлеу арқылы, диагностикадан өте алады.

Материалдың бейне нұсқасы

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture