Зейнеткер 3 немересімен гаражды паналауда

Техснаб кентінде 62 жастағы зейнеткер немерелерімен бірге гаражды паналауда. Ал, балалардың анасы болса, Астанаға жұмыс іздеп кеткен. Отбасы мұндай жағдайға қалап тап болды? Жергілікті билік қандай көмек көресете алады. Ол жайында тілші материалында.

62 жастағы Хания Шакированың немерелерімен бірге гаражда тұрғанына 9 ай болған. Жайлы баспананы қалтасы көтермейді. Ал, мұндағы жағдай осы. Тұрмыстық заттардан тек пеш пен төсек қана.

Қарт әйел осыдан 5 жыл бұрын жамбасын сындырып, жұмыс істеу қабылетінен айырылған. Алайда, осы күнге дейін мүгедектікке қол жеткізе алмай келеді. Жергілікті билік, әлеуметтік жәрдемақы ретінде тек 12 мың теңге тағайындапты. Соның 10 мыңына гаражды жалдап отыр.

СНХ: Хания Шакирова – жительница Балхаша
«19:33 Квартира жалдап жүрдік. Одан кейін маған шығыңдар деді. 20 мыңға жалдап тұрғанбыз.Сосын біз шықтық. Сосын мына кісіге жылап келдік. 20:39 Кейбір кездемына көрші тәтенің қызы бар. сол кісіде көмектесіп жүреді.

5 жастағы Айша-әжесінің басты көмекшісі. Екі ағасы болса, мектеп интернатта оқиды. Бірі үш сыныпта, екіншісі 7 сыныпта. Олар мұнда тек демалыс күндері ғана келеді екен. Ал, аналары Астанаға жұмысқа кеткен. Бас қалаға құжатын жасатуға барыпты. Анықталғандай, не өзінде, не балаларында құжат жоқ.

СНХ: Назира Шакирова – Х. Шакированың қызы
«Мен қазір Астанада құрылыста жұмыс жасап жатырмын. Біз онда 91 жылы Өзбекстаннан көшіп келгенбіз. Туу туралы куәлігімді жоғалтып алғандықтан, мен жеке куәлік ала алмадым. Туу туралы куәлікті алу үшін Өзбекстанға сұрату жібердік. Алайда, ол қағаз тек 12 жылдан кейін келді».

Алайда, керекті құжат келгенімен 3 баланың анасы осы күнге дейін жеке куәлігін ала алмай жүр. Біз көші-қон полициясына хабарласып көріп едік, ондағылар әйелге көмек беруге әзірміз дейді. Бірақ, ол үшін Назира Шакирова Астанадан келуі қажет. Алайда, қазіргі басты мәселе-баспана болып отыр. Себебі олар жақында бұл гаражды босатулары керек.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать