Сыйға алған гүл ұзақ сақталсын десеңіз…

Көктем шуағы! Балқаштықтар халықаралық әйелдер мерекесін тойлауға дайындалуда. Әсіресе, гүл дүкендеріне сауда қызып тұр. Онда кез-келген әйел қалауын табуға болады. Ал, қалай дұрыс таңдау жасау қажет, сыйға алған гүлдер ұзақ сақталу үшін не істеу керек? Оны келесі сюжетте көруге шақырамыз.

Гүл маманы Олеся Банман биыл мына қызғалдақ гүлдеріне сұраныс ерекше екенін айтады. Осы жылы мерекеге 3күн қалғанда тапсырыс қабылдауды бастапты. Ал, гүлдің қауызы уақытынан бұрын ашылмас бұрын оны тоңазытқышқа сақтап қояды екен. Кейін қатып қалған қызғалдақтарды суға салып қойса 1 аптаға дейін өңін бермейді, дейді гүл маманы.

Олеся Банман – гүл маманы
«Қызғалдақ бүтін әрі ашылмаған болу керек. Ал, сабағы ешқандай рөл ойнамайды. Ол жуан немесе жіңішке болуы мүмкін. Бәрі гүлдің сортына байланысты».

Ал, тірі өсімдікті қалайтындарға ыдысқа отырғызылған ирис, каллы, және гиацинт деп аталатын гүл түрлерін сыйға тартуға болады. Оның үстіне бұлар гүлдеп, тұқым бергеннен кейін өзіңіздің бақшаңызға отырғызғанға ыңғайлы. Деседе, ең ерекше сый гүлді кактус. Бұл тікенекті өсімдік сирек гүлдейтіндіктен тіпті ең ерке нәзік жандыны таң қалдырары сөзсіз.

Олеся Банман – гүл маманы
«Колонхое гүліне сұраныс жоғары. Бағасы да қолжетімді. Ең көп сұрайтыны әйел бақыты. Қазір көп адамдардың гүлге деген көзқарасы өзгерген. Көбісі жақындарына тірі гүл сыйлағысы келеді».

Гүлдердің патшасы раушан гүлісіз ешқандай мереке өтпесі белгілі. Раушанмен бірге Лилия, Хризантема ешқашан сұраныстан түскен емес. Ал, олар көпке дейін тұру үшін сабағын қиып, қысқарту қажет. Суға аспирин және қант қосу керек деген жаңсақ пікір. Ең бастысы су салқын әрі таза болса болғаны.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture