Челябинск қаласында өткен «Орал достарды жинайды» атты халықаралық байқауда қалалық өнер мектебінің екі шәкірті жүлдемен оралды. Скрипка аспабын жетік меңгерген Әнел Малыбаева мен Дәмиля Амангелді елдің түпкірінен жиналған 60 қатысушының арасынан ІІ және ІІІ орын алды. Додада Ресей мен Қазақстан секілді алыс- жақын мемлекеттерден келген 200 бала вокал, би жағынан және түрлі аспаптарда өнер көрсетті. Скрипка ойнаудан сайысқа түскен балқаштық қыздар үш күн бойы ішекті аспаптың сүйемелдеуімен жеке және дуэт болып ел назарына классикалық әуендерді ұсынды. Нәтижесінде, қыздардың бірнеше жылдық еңбектері зая кетпей, Әнел Малыбаева 2-3 орын алса, Дәмиля Амангелді байқаудың қола жүлдегері атанды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login