Арзан дәрі сататын онлайн-дәріхана пайда болады

Қазақстанда арзан бағамен дәрілер сататын онлайн-дәріхана пайда болады. Денсаулық сақтау министірлігі дәрі-дәрмектің бағасын тұрақтандыруды қолға алды. Бұл туралы Астанада өткен Денсаулық сақтау министірлігінің кеңес отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Informburo.kz. сайты. Ал, баға мәселесін қалай шешуге болатынын формация Комитеті төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пак хабарлады.
«Егер 2016 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда сатылымға түскен 7700 дәрінің атауы тіркелсе, соның тек 4083-і мемлекеттік реттеуге алынған. Ал, қалғанына Үкімет тарапынан ешқандай қадағалау болмағандықтан елдің наразылығын тудыруда дейді», -Лариса Пак.
Оның пікірінше, министірліке барлық дәрі-дәрмекті қадағалау құзыретінің болмауы, аталмыш мәселеге себеп болып отыр.
« Сол себепті бағалар 2-3 есеге өседі. Ал, оны болдырмас үшін «денсаулық туралы» және кәсіпкерлік кодексіне өзгеріс енгізу қажет. Және дәрі бағасының мемлекеттік реттеуге көшуі, кәсіпкерлердің табысын біраз азайтатындықтан, бұл мәселені кәсіпкерлердің ұлттық палатасында бизнес-қоғамдастық ассоциациясының өкілдерімен бірге талқылауды ұсынамын»,-деп өз пікірін білдірді төрағаның міндетін атқарушы.
Сонымен бірге ,Лариса Пак рецепт жазу мен баға белгілеу жүйесін автоматтандырып, бағаны мемлекеттік тізілімге енгізу керек, деп санайды.
Тек бұл ғана емес, Министірлік мемлекет бекіткен бағаны БАҚ беттеріне жариялап, халықты хабардар етпек. Ал, дәріханаларды елге керекті ақпаратты көрнекті жерге жазып қоюға міндеттегелі отыр. Дәрі-дәрмектің ортақ сайтын құруда көзделген. Онда тұтынушыға керекті мәлімет пен дәрілердің бағасы жарияланатын болады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture