Жол апатынан 3 адам зардап шекті

Бүгін Алматы-Екатеринбург тас жолында жол апаты болды. Приозерск қаласынан Балқашқа бағыт алған жеңіл көлік, тайғақтың салдарынан жол шетіне аударылып кеткен. Оқиға Шұбар түбек кентінің маңында орын алды. Ниссан маркалы темір тұлпарда 3 адам болыпты. Бәріде зардап шекті. Ал, оларға бірінші болып трасса бойындағы медициналық-құтқару станциясының мамандары көмек көрсеткен. Оқиға орнына бірден жеткен құтқарушы медиктер жолаушылар мен көлік иесін қалалық орталық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлердің айтуынша қазір барлығының жағдайы бірқалыпты, өмірлеріне еш қауіп жоқ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать