8 наурызда көп балалы аналар 5 мың теңге сыйақы алады. Бұл тізімге қала бойынша 1054 әйел іліккен. Олар алтын алқа және күміс алқа иегерлері. Кәмелетке толмаған 4 бала тәрбиелеп отырған аналарда құр қалмайды. Оларға да 5 мың теңге қарастырылған. Ақшалай сыйды алу үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Теңге әр әйелдің жәрдемақы алып отырған шотына түседі. Демографиялық жағдайды көтеріп отырған аналарға мерекелік сый жасау үшін қазынадан 5 млн 270 мың теңге бөлінген.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login