Балқашта 20-ға жуық азық-түліктің бағасы қымбаттады. Жаңа жылдан бастап 250 теңге болған күріш 255-ке көтерілсе, 235 теңгеге сатылған вермишель 5 теңгеге жоғарылаған. Құны өскен тағам өнімдері арасында рожки, сиыр мен тауық еті, қаймақ, сүзбе және сары май бар.Сонымен бірге көкеніс пен жеміс-жидектің бағасы да біраз қымбаттады.
Жұмыспен қамту орталығы кәсіпкерлерге тиімді ұсыныс жасап отыр.Жұмыс берушілер екі қолға бір күрек іздеушілерді еңбекпен қамтыйтын болса, онда жалақысының 35 пайызын мемлекет төлеуге әзір.
Коммуналдық мәселені медиация тәртібімен айқай-шусыз шешуге болады. Алдымен екі жақты татуластырып, содан кейін дауды шешіп беретін мамандар қазір коммуналдық мекемелердің шағымын қарауды мықтап қолға алған.
Балқашқа автостоп арқылы ел аралап жүрген ресейлік жиһангез келді. 25 жастағы Сергей Попов Қытайға одан әрі Үндістанға бармақ.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login