Қаламыздағы «Рахмет» әлеуметтік- қайырымдылық дүкені жаңа орынға көшті. Олар 17 мөлтек ауданындағы «Зере»сауда орталығының бірінші қабатында орналасқан 20 бутикке ауысты. Қазіргі таңда дүкен жаңа орынға көшіп қана қоймай, мерейтойға дайындалып жатыр. 1 наурыз күні игі іспен айналысатын сауда нүктесіне бір жыл толады. Осы уақыт аралығында 500-ге жуық тұрмыстық жағдайы төмен отбасы мүшелеріне көмек көрсетілді. Оларға шаһар тұрғындарынан жиналған киім-кешектер мен тұрмыстық техникалар, ойыншықтар таратылды. Ал наурыздың алғашқы күнінде аталмыш дүкен жақсылықты жасауды екі еселеп, «Арай» балалар үйі мен «Жанашыр» , «Көмек» орталықтарының адамдарының шаштарын тегін алып береміз деп отыр.
Зәуре Әбдікәрімова, «Рахмет» дүкенінің жетекшісі: әлеуметтік жағдайлары төмен, әсіресе көпбалалы отбасыларға көмек ретінде осы дүкен қызмет істеп жатыр.Өздерінің жағдайлары бар тұрғындарға керегі жоқ заттарыңызды, киім кешектеріңізді өткізулеріңізді сұраймыз.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login