Балқашта өрттен бір адам қаза тапты

Балқашта өрттен бір адам қаза тапты. Таңғы 5 те қызыл жалын басталғанда үй иесі ұйықтап жатқан. Көктүтінді сезбей, уланып қалды.  Ал көршілері дін аман. Оларды жұмысқа бару үшін ерте тұрған, бірінші қабаттағы тұрғын оятыпты.

Надежда Франчук  шырылдаған телефон қоңырауынан оянған. Жаппарлас қабырғадағы пәтерден өрт шыққанын көршілері хабарлапты. Аяғын әзер басатын 67 жастағы зейнеткер өздігімен далаға шықпақ болады. Алайда, подъездің көк түтінге оранғанын көріп, үйге қайта кірген. Содан құтқарушылардың келуін күтіпті.

Надежда Франчук –Прокатчиов тұйық көшесі 6 үй тұрғыны

« Өрт сөндірушілер, жарады. Екінші қабатқа мініп, терезелерімді ашып берді. Екі таяқпен пәтердің өзінде әзер жүремін. Кейін түтін сейілгеннен кейін  далаға шығуға көмектесті. Оларға көп рахмет.

Қайғылы оқиға бүгін Прокатчиков тұйық көшесіндегі 6 үйде болды. 2 қабаттағы мына пәтерде таңғы 5 те қызыл жалын тұтанған. Қазір есігіне ІІБ мөрі басылып, жабулы тұр. Ал одан шыққан түтіннің исін алғаш болып жұмысқа бару үшін ерте тұрған бірінші қабаттағы тұрғын сезген.

Ольга Молафеева- Прокатчиов тұйық көшесі 6 үй тұрғыны

«Таңертең түтін шығып жатыр деп, жолдасым оятты. Өзі екінші қабатқа көтеріліп, есік қағып көршілерді оята бастады. Мен өрт сөндірушілерді шақырдым, полицияға қоңырау шалдым. Кейін далаға шығып, өрт сөндірушілердің кеуін күттік.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өрт шыққан пәтерден ер адамның мүрдесін тапты. Ол үйде жалғыз тұрған. Алдын ала болжам бойынша түтінге уланып қалған болуы мүмкін. Ал жалынның жалпы аумағы 20 шаршы метр. Ескі киімдер мен жиһаздар жанған. Әзірге өрттің нақты себебі белгісіз. Тексерістің қорытындысынан кейін белгілі болады.

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *