##i-vengo banner

Балқаш жаңалықтары 30.01.2019

  1. Былтыр Балқашта 90-ға жуық ауыр қылмыс жасалған. Бір қуантарлығы, бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 13 пайызға төмен. Бұдан бөлек, 2018 жылы қаламызда бұзақылар 12 автокөлікті ұрлап кетті. Сондай-ақ қалтаға түсіп, бағалы зат ұрлау бойынша 4 факт тіркелген. Осындай сотқарлардың кесірінен 10 адамның денсаулығына орташа ауырлықта зиян келді. Ал, қоғамдық орындарда 152 рет бұзақылық жасалған. Одан бөлек полицейлер 87 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, 300 ден астам адамның үйіне барып тексеріс жүргізген.
  2. Енді балқаштықтарға бас сүйегі мен омыртқа жотасын тексерту үшін басқа қалаға барудың қажеті жоқ. Бүгін Балқашта магнитті резонансты томография ашылды. МРТ-нің тиімділігі қандай, кімдер тексерістен тегін өте алады? Толығырақ бейнематериалда
  3. Өткен жылы Балқашта ет пен балық сатқан 6 сатушыға айыппұл салынған. Тиісті құжатсыз сауда-саттықпен  айналысқандар 180 мың теңге төлеген.  2018 жылы ветеринария бөлімінің мамандары 439 сауда нүктесіне тексеріспен барған.  Соның ішінен 6 заңбұзушылық фактісін анықтады. 3 балық сатушы және 1 ет сатушы тиісті анықтамасыз сауда жасаған. Олардың әрқайсына 24 мың теңгеден айыппұл салынды.
  4. Қарағанды емханаларында дәрігер мен емделушінің сұхбаты жазылатын болады. Аудиожазба 1 ай уақыт сақталады.  Денсаулық сақтау басқармасы осылайша науқастар тарапынан келіп түсетін негізсіз шағымдардың санын қысқартпақшы. Ал балқаштықтар мұндай жаңашылдыққа дайын ба?   Дәрігерге барғанда өзінің айтқан әр сөзінің жазылатынына қарсы емес пе? Бұл сауалдардың жауабын  балқаштықтардан сұрап білдік
  5. Балқашта «жас ақындар» мүшәйрасы өтеді. Шара қазақ әдебиетінің ақсұңқары Сәкен Сейфулиннің 125 жылдығына арналмақ. Байқау шартына тоқталатын болсақ. Мүшәйраға 14 пен 29 жас аралығындағы балқаштықтар қатыса алады. Әр ақыннан 2 өлең қабылданады. Бірі-С.Сейфуллинге арнау, екіншісі –еркін тақырып. Қатысушылар туындыларын конвертке салып,  «Лақап» атпен өткізулері қажет. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 18 ақпан күні мәдениет сарайында өтеді

 

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login