##i-vengo banner

Балқаш жаңалықтары 07.11.2018

1. Балқашта екі үлкен LED экран іске қосылды. Ол үшін Алматыдан арнайы мамандар келді. Алып теледидарлар мәдениет сарайының артында орналасқан. Бұл лэд экрандардың көлемі 3-6 метр. Әрқайсысы 500 ден астам модульден құралған.

2. Өскелең ұрпақты қалай тәрбиелеу керек?  Қазіргі заманауи жастар қандай болуы тиіс? Қалалық коворкинг-орталықта осы мәселе талқыланды. Балқашқа қоғамдық келісім кеңесінің өкілдерінен құралған делегация тобы келді.

3. Жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақы 28 мыңнан 42 мыңға дейін өседі. Елбасы биылғы жолдауында осындай тапсырма берген болатын. Бұл өзгеріс  1 млн 300 мың қазақстандықтың табысын жоғарылатады.

4. Осы аптада күллі әлем электр энергиясын үнемдеу күнін атап өтеді. Біз осы күнге орай арнайы бейнематериал түсірдік.

5. Балқаш қаласы әкімінің «Өркен»  сыйлығына байқау жарияланды.  Үздіктерді анықтау 14 пен 29 жас аралығындағы  жастар арасында жүргізіледі. Жеңімпаздар 10 номинация бойынша ақшалай сыймен марапатталады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать