Балқашта мұғалімдер арасында волейболдан өткен қалалық турнир аяқталды

Балқашта мұғалімдер арасында волейболдан өткен қалалық турнир өз мәресіне жетті. Мектеп, колледж және спорт ұйымдарынан жиналған 15 команда араларындағы үздіктерді анықтады. Жарыс 2 күнге созылды. Бірінші күні құрамалар А және Б топтарына бөлініп, айналмалы жүйе бойынша ойнады. Екінші күні әр топтың үздіктері кездесіп, жүлдеге таласты. Нәтижесінде БЖСМ ұжымы биылғы жылдың жеңімпазы атанды. Ал былтыр бірінші орын алған №15 мектеп биыл екінші орынды қанағат тұтты. Қола жүлде денешынықтыру сауықтыру кешеніне бұйырды. Барлық жүлдегерлер ақшалай сыймен және естелік сыйлықпен марапатталды.

Ержан Жалелов-жарыс хатшысы

« 3 орынға таласқан командалар №17 мектеп лицей мен ДСК. 2-1 есебімен дене шынықтыру сауықтыру кешені жеңіске жетті. Бірінші орынға 15 мектеп лицей мен БЖСМ қатысып, БЖСМ бірінші орынды иеленді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать