Ленин көшесіне салынған асфальттың сапасы тексеріледі

Ленин көшесінде асфальт төсеу аяқталды. Салынған жол қаншалықты сапалы? Бұл сұраққа жауап алу үшін қала басшылары Қарағандыдан арнайы мамандарды шақырды. Келген қызметкерлер асфалттың сынамасын алып, жолдың тегістігін тексереді.

Қарағанды жол зертханасының мамандары асфальттың сынамасын алуда.  Кейін оған химиялық талдау жасап, құрамын және тығыздығын анықтайды. Ал оған дейін асфальт қабатының қалыңдығын өлшеп алмақ.

Норматив бойынша асфальттың  төменгі қабаты 10см, жоғары қабаты 6см болуы тиіс. Алайда  өлшем сәйкес болмай шықты.

Мамандар арнайы құралдармен жолдың тегістігін тексерді. Алайда жиналып қалған жаңбыр суы бірден көзге түсті. Әрине бұл кеткен олқылықтың дәлелі.

Мақсұт Қожанов – облыстық транспорт және авткөлік жолдары басқармасының жетекшісі

«Өздеріңіз көріп тұрғандай кей жерлерді су жиналып қалған. Ал егер жол тегіс болса мұндай жағдай болмас еді.  Біз қала жетекшілерінің өтініші бойынша келді. Себебі тұрғындардан көп шағым түскен.

Облыстан келген мамандар асфальт пен оның астыңғы қабатынан 15 сынама алды. Енді зертханаға апарып тексеріс жүргізеді. Оның қорытындысы 1 аптадан кейін дайын болады. Егер салынған  жол сапасыз болып шықса, онда мердігер компания кеткен кемшілікті қайта түзеуі тиіс. Әйтпесе жергілікті билік олардың бұл жұмысын қабылдамаудан бас тартады. Ал компания шоттарына  әрі аударылмаған қалған қаржыдан айырылады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать