Балқаш жаңалықтары 19 қазан 2017

18 қазан күнгі жаңалықтар СІЛТЕМЕДЕ

Шашубай м\а құлағалы тұрған шағын насостық станция елдің үрейін алуда. Жасыл-желекті суаруға арналған нысанның қабырғасы жарылып, кірпіштері ажырай бастағанын көрген тұрғындар, оның бір күні құлайтынын айтып дабыл қағуда.

Жүгенсіз жүргізушілер жауапқа тартылуда. 10 күннің ішінде жол ережелерін бұзған жүзден аса көлік иелеріне айыппұл салынды.

Отандық төтенше жағдайлар комитетінің құрылғанына 22 жыл. Төл мереке күні Нұр Отан партия ғимаратында ең қауіпті әрі жауапты қызмет саласының мамандарына құрмет көрсетілді.Құтқарушылар қауымына алғыстар жолданды.

Балқаштық оқушылар полицей қызметкерлерінің рөліне енді. Балалар тәртіп сақшыларының көлігіне мініп, олардың жұмысымен жақынырақ танысты.

Балқаштықтар үйден шықпай-ақ дәрігердің қабылдауына жазыла алады. Ол үшін бар болғаны ұялы телефонға «DamuMed» деп аталатын мобильдік қосымшаны орнату қажет.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture