Балқашта түнгі уақытта ішімдік сатқаны үшін сатушыларға айыппұл салынды

Балқашта түнгі уақытта бір шөлмек арақ сатқаны үшін сатушылар пайдаларынан қағылды. Жергілікті полиция қызметкерлері сағат  21:00- ден кейін спирттік өнімдерді сатқан саудагерлерді жазалауға кірісті. Үш күндік рейд жұмыстары барысында Уәлиханов пен Бөкейханов көшесінің екі дүкені көзге ілікті. Олардың әрқайсына 22 700 теңгеден айыппұл салынды. Сонымен қатар, жыл басынан бері қоғамдық орында ішімдік ішкен 1412 тұрғын қазынаға 16 млн. теңгеден астам қаржы салды.

 Нұрлан Кәрім –Жергілікті полиция қызметінің басшысы
«Сатушылар түнгі уақытта арақ-шарап ,спирттік ішімдіктерді көбірек ақша , пайда табу мақсатында сатқанын мойындады. Себебі жыл басынан мас күйінде жасалған қылмыстардың саны көбеюіне байланысты біз осындай шараларды қолданып жатырмыз». 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture