Қырық күндік ас Жұмабекұлы Мәди

Қызыларай ауылының тумасы, руы – Қырғыз, аяулы әкеміз Жұмабекұлы Мәдидің өмірден озғанына 17.08.2017 жылы 40 күн толады.

Қырық күндік ас 17.08.2017 жылы Қарағанды қаласы, Оңтүстік Шығыс ауданы, №1 МЕШІТТЕ сағат 13.00-де беріледі. Асқа ағайын-туысты, әкемізді танитын барша жамағатты шақырамыз.

 

Жайдары, дархан көңіл мінезіңмен,

Жаны пәк, қамқор, адал тілегіңмен.

Жар болдың, әке болдың мейірімді,

Ақкөңіл, аңқылдаған жүрегіңмен.

 

Өмір деген өте шығар сағымдай,

Қайтып келмес, қысқа қамшы сабындай.

Дүниеге келмек бар да, кетпек бар,

Қайтем енді, бұл заңына бағынбай.

 

Жалғап өскен ағайынның арасын,

Қайран әке, бір төбе дарасың.

Тірі болса артыңдағы ұрпағың,

Әкешім, мәңгі есте қаласың!

 

Арамыздан кете бардың алыстап,

Уайым, қайғы жүректерді жаныштап.

Пейіштің төрі болсын орыныңыз,

Рухыңызға дұға оқимыз бағыштап.

 

Арнап кеп туған-туыстар келеді де,

Рухыңа бағыштап дұға етеді де.

Торқа боп топырағың, иманды бол,

Жайлы болсын мәңгі жатқан мекенің де.

 

Ас берушілер: жұбайы – Ақбикеш, балалары, туған-туысқандары.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture