Балқашта жөндеуден өткен жаңа жолдар арнайы белгісіз қалды. Кейбір көшеде жаяу жүргіншілерге арналған белгі болмаса, енді бірінде балалардың қауіпсіздігі үшін жердегі сары жолақ таңба жойылды. Ал оған қала тұрғындары алаңдаушылық туғызуда. Әсіресе Жанна Шаншербаева секілді аналар балаларымыз мектепке қалай барып-қайтады деп отыр. Себебі,тамыз айында Ағыбай батыр көшесі жөндеуден өтті. Бірақта,жол бойындағы қауіпсіздік белгілерінің барлығы алынып тасталды.
Жанна Шаншербаева – қала тұрғыны :
«Мен өте өз балаларым үшін қауіптемін.Өйткені, мектепке осы жол бойынша өтеді.Сондықтан мұнда жол жүру жолақтары болғаны дұрыс деп санаймын.0521 Әрине мұнда бағдаршамның қойғанында жөн болар еді деп ойлаймын».
Ал тұрғын үй-шаруашылық бөлімінің басшысы бұл мәселе 1 қыркүйекке дейін шешіледі деп уәде етті. Екі күннен кейін жол ережесін қадағалайтын белгілер Ағыбай батыр көшесінде орнатылып, кейін басқа аймақтарда пайда болады дейді.
Әнуар Сәмиев- ТКШ бөлімінің жетекшісі
«Қазір жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды салу үшін дайындық жұмыстары басталды. 1 қыркүйекке дейін қала бойынша барлық жерлерде жол ереже мен қауіпсіздік белгілері орнатылады»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login