Балқаштық тұрғын Сейфуллин көшесінде арақтың кесірінен көз жұмды. 26 жастағы азаматты бірге ішіп отырған ер адам пышақтап өлтірді. 26 және 35 жастағы екі жігіт кешқұрымда 3 бөтелке арақты сатып алып, үйде әңгіме дүкен құрады. Алайда, әңгімелері жараспай, 35 жастағы азамат досының кеуде тұсына, бір рет пышақты сұққан. Одан жәбір көрген жігіт көп қан жоғалтып, пәтерде қайтыс болды. Ал күдікті қашып кеткенімен, бір сағаттан соң анасының үйінде ұсталды. Қазір қамауда.
Мадияр Игенов –қалалық прокуратураның прокуроры:
«Қазіргі уақытта күдікті тұлға Балқаш қаласының ІІб қызметкерлерімен ұсталған болатын. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында. Күзетпен бұлтартпау шарасын алдағы уақытта сотпен санкциялау сұрағы шешіледі».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login