Жылдық ас Жортбасова Үмітжан Бөлекбайқызы

Руы Шұбыртпалы – Күйелі, аяулы да сүйікті, қимас бауырымыз Жортбасова Үмітжан Бөлекбайқызының өмірден қайтқанына 1 жыл болады.

Жылдық асы 12 тамыз күні сағат 12.00-ден бастап МЕШІТТІҢ ҮЛКЕН залында беріледі. Ағайын – туыс, құда – жекжат, көршілерге, бірге істеген еңбек еңбек ұжымына, жора – жолдастарына, танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.

Жүруші едің қабағын бағып ата-анаңның,

Көңілін тауып бауырларыңның.

Сен жүрген жердің барлығы думан-той еді,

Өлең қып жаздым қалмады басқа амалым.

 

 

Аңқылдаған ақ көңіл,

Жүзің естен кетпейді.

Сағындық қой, жан бауыр,

Сізге ешкім жетпейді.

 

Жыл өтті, Сені жоғалтқалы,

Сұм ажал жан-жағыңа қаратпады.

Әйтеуір, елде қалды жақсы атың,

Алланың бұйырсын тек жұмақ бағы.

 

Арамыздан кетеді деп өзіңді кім ойлаған,

Ұмыта алмай жылайды бауырларың.

Бауырлардың езіліп ет жүрегі,

Жатса-тұрса сағынып, ойға алады.

 

 

Торқа болсын жамылған топырағың,

Тыныш ұйқта жер бесікте  дамылда.

Бір Алладан дұға оқып тілейміз,

Жай тапсын жаның жұмақтың жәннат-бағында.

Ас берушілер: бауырлары.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture