Руы Төре, аяулы ана, қимас бауыр, жан апа Бегетай тегі Қазия Әбетқызының өмірден өткеніне 40 күн толды.
Қырық күндік асы 13 тамыз сағат 11.00-ден бастап «БЕРЕКЕ» дәмханасында беріледі. Ағайын – туыс, құда – жекжат, көршілерге, бірге істеген еңбек ұжымына, танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.
Өмір осы білмес әркез аяуды,
Көңіл осы көтеретін қаяуды.
Орның сенің бөлек еді біздерге,
Ардақты Ая, асыл ана, аяулы.
Анашым! Шықпай жүрсің күнде есімнен,
Оралмассың сапардан енді мүлдем.
Оянбассың тыныш жер бесігіңнен,
Жатқан жерің жайлы боп, жан Анашым!
Бәрімізге қарашы кешіріммен.
Асыл Ана, сағындым нұрлы бейнеңді,
Сені ойласам сағыныш оты кернейді.
Сол сағыныш бар жанымды күйдіріп,
Жоқтығыңа әлі сенгім келмейді.
Еңсемді жүр сағыныш деген мұң басып,
Отырушы едік қауқылдасып, сырласып.
Алладан келген бұйрық солай болды ма?
Асығып кеттің «анамызға» қарай қыр асып.
Қызығын Ананыңның көрмедіңіз,
Жанында еркелетіп жүрмедіңіз.
Әлі де біздерменен бірге болып,
Тағы да біраз өмір сүрмедіңіз.
Ас берушілер: баласы – Анар, аға – бауырлары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login