Балқашта ауа-райы суытады. Ертең термометр бағанасы 23 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Синоптиктердің айтуынша, 11 тамыздан жел көтеріліп, жаңбыр жауы мүмкін. Ауа температурасы түнде +15+20 градусты көрсетсе, күндіз +23+25 градус болмақ. Сенбі күні аздаған жауын-шашын күтілуде. Алайда, келесі аптада ыстық күндер қайтып келеді. Мамандардың болжамынша, 15-16 тамызда сынап бағанасы 35 градусқа дейін көтеріледі.
Анна Шадская – инженер-синоптик:
Қазір ауа-райы бұлтты болады деп болжап отырмыз. Бірақ, бұл ұзаққа созылмайды. Аз дегенде 2 күнге жалғасады. Содан кейін ауа-температурасы қайта көтеріле бастайды. Яғни, жаздың соңғы күндері ыстық болады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login