Балқаш жаңалықтары 9 тамыз 2017

Ағыбай батыр көшесінде бірден төрт тұлпар соқтығысып, жол көлік оқиғасы орын алды. Иномаркалар төмен қарай Ленин көшесіне түсіп бара жатып, бағдаршамда бір-біріне соғылды.

Полиция қызметкерлері көше ортасында оқ жаудырған азаматты ұстады. 43 жастағы тұрғын көлікпен түнде ортасында ауаға бірнеше рет оқ атып, елді дүрліктірген.

Бүгін балқаштықтар жер сілкінісін сезді. Табиғаттың мұндай тосын сыйы таңғы сағат 5-тен 28 минут кеткенде тіркелді. Зілзала ошағы Қытай аумағында,Алматы қаласынан солтүстікке қарай 485 шақырымда орналасқан.

Балқашта жыл басынан бері 200 ден аса даулы мәселе медиатордың көмегімен шешілді. Бітімгерлер істі сотқа жеткізбей екі жақты татуластырған.

Балқашта жылу маусымына қызу дайындық жүргізілуде. Бір жерде ескі желілер жаңасына ауыстырылып жатса, енді бір жерде құбырларды изоляциялау қолға алынды. Ал бұл шара қыстың күні жылу далаға кетпес үшін жасалуда.

Қалалық әкімшілікте сайлау өтті. Жергілікті мәслихат депутаттары Гүлшат кентінің жаңа әкімін таңдады. 515 тұрғыны бар өңірге басшылықты таңдау таңғы сағат 10да басталды. Оған 13 депутаттың 12-сі қатысты. Халық қалаулылары бір-бірден бюллетеньдерді алып, әкімдікке үміткер 3 кандидаттың біріне дауыс берді.

Балқаштықтар жиі ажыраса бастаған. Тек соңғы аптаның өзінде 5 отбасының шаңырағы шайқалған. Ал осы жылдың 7 айында 198 жанұя айырылысыпты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 отбасыға көп. Үйленіп үй болушылардың да саны көбейе қоймаған . Егер 2016 жылы 7 айда 335 жұп өмірілік серігін тауып некеге тұрса, биыл 352 жас жұбай отау құрған. Ал ажырасудың себептері көбіне арақ ішу, ұрып-соғу, жұмыссыздық және мінездерінің сай келмеуі.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture