Құттықтау Игембаев Әлкен Қазкенұлы

Ардақты ағамыз Игембаев Әлкен Қазкенұлы 60 жас мерейтойыңыз құтты болсын! Ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілейміз! Ағайын-туысқа сыйлы, немерелеріңіздің сүйікті атасы болып жүре беріңіз.

Аман жүр,аға, жеңгеммен,
Жан бар ма саған тең келген.
Несібең тасып, бақ қонып,
Тірегім болшы дем берген.

 

Ұрпағыңның асқар таудай арманы,

Тек өзіңсің шаңырақтың қорғаны.

Біз қасыңда ойнап-күліп жүрейік,

Ардақты аға, аман жүрсең болғаны.

 

 

Аға, сізді ойласам, шаттанамын,

Тербеледі толқындай бақ талабым.

Жүрегімде өзің деп оянады

Тастай қатып ұйықтап жатқан әнім.

 

 

Шүкір деймін өзіңдей жан барына,

Жақсылықты тілеймін жалбарына.

Сіздей аға бар болса – біздей бауыр

Алаңдамай қарайды алдарына.

 

Т/б: Игемьаевтар әулеті.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture