Құттықтау Мұрат Әмина Исақызы

Сүйікті де сүйкімді немереміз, қылықты да қызықты тәтті қызымыз Мұрат Әмина Исақызын  бүгінгі

1 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз!

Балдай тәтті балалық шағыңда туған-туысты қызықтырып, сүйсіндіріп жүре бер! Ата-анаңның қуанышы, қызығы бол!

Қылығымен күлдіретін апасын,

Туған күнің  құтты болсын, балашым.

Елің сыйлар азаматша  боп келешекте,

Қуантарлық мамасы мен папасын.

 

Ата-әжеңнің таусылмайтын жыры бол,

Көңілдеріне сәуле шашар нұры бол!

Гүлдей жайнап, қызғалдақтай құлпырып,

Ата-анаңның мақтанышы, гүлі бол!

 

Құлыншағым, немерем,

Ай мен күнге теңгерем.

Алланың нұры жаусын деп,

Ақ батамды мен берем.

 

Ата-әжеңнің қолқанаты Әминамсың,

Сүйсінерлік, тындырымды әр ісің.

Мамаң менен папаңа да ұнайтын,

Мақтан тұтар мәпелеген қызысың!

 

Бір жасыңда сүріндің,

Тұсау кестік жүгірдің.

Өмір жарыс сүрінбе,

Жайнап өссін гүлің мың.

 

Т/б: әжесі – Дариға

ата-апасы: Мұрат – Айгүл

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture